Макарон салаты

Керекті азық-түлігіміз:
Макарон(Сұлтан) — жарты пакет
Жүгері — 1 банка
Тұзды қияр -5-6 дана
Аскөк
Майонез — 150гр.
Тұз
Қара бұрыш
Макаронды асып, піскен соң салқын суға 10 минутқа салып қоямыз ,суын төгіп тастап, жүгері, аскөк,қиярларымызды төрт бұрышты қылып турап, тұз, қара бұрыш майонез салып арал/з)

30) Анар қосылған салат

Картоп — 2 дана
Сәбіз — 2 дана
Қызылша — 2 дана
Жұмыртқа — 2 дана
Тауық еті
Анар — 2 дана
Сарымсақ — 1- 2 дана
Майонез
Тұз
Қара бұрыш
(Арасына қуырылған пияз және грек жаңғақтарын қосуға болады, бірақ мен қоспадым) Тәрелкеміздің ортасына 1 стақан қоямыз Барлғын теркадан өткізіп аламыз Майонезге тұз, бұрыш, майдаланған сарымсақтарымызды салып араластырамыз бірінші қатарға картоптың жартысын салып,үстіне майонез жағамыз Тауық етін салып, майонез жағамыз сәбіз, майонез Жұмыртқа қалған картоп, оның үстіне майонез үстіне қызылша және майонез жағамыз Анарларымызды тазалап, стақанымызды алып, анарларды суреттегідей жабыстырамыз

31) Мержимек көфтесі

Қажетті азық-түлігіміз:
Мержимек (чечевица) — 1 стақан
Бұлғұр (ұсақ) — 1 стақан
Пияз — 1 дана
Су — 3 стақан
Көк пияз — 6-7 түйір
Лимон — 1/2
Сұйық май — 0,5 стақан
Томат пастасы — 3 ас қасық
Тұз — 1 шай қасық
Қара бұрыш
Қызыл бұрыш

Алдымен мержимекті жақсылап жуып, су құйып, тұздың жартсын салып, езілгенше пісіреміз піскеннен кейін отты сөндіріп,бұлғыр салып, араластырып жібереміз, қақпағын жауып, 15 минут ашпаймыз. бұлғыр ұсақ болғандықтан буға да жақсы піседі томат, майдалап туралған пиязбен аскөктерді салып қалған тұзбен бұрыштарды салып, лимон сығып, майын құйып араластырамыз уысымызға толтырып жоғарыдағы суреттегідей көфте жасаймыз

32) Дәмді оңай салат

Шаян таяқшалары — 200 гр
Қызанақ — 2 дана
Сарымсақ — 2 түйір
Тұз
Қар бұрыш*Майонез



Осы таяқшалардың Сыртын алып тастаймыз 4 бөлікке бөлеміз де ұзыншалап тураймыз қызанақтарды да тураймыз сарымсақты турап, тұз, бұрыш, майонез саламыз. араластырамыз.

33) Бауырдан жасалған майонезді торт

Керекті азық-түлігіміз:

Бауыр — 500 гр
Жұмыртқа -2 дана
Сүт — 1 стақан
Өсімдік майы — 0,75 стақан
Қаймақ — 3 ас қасық
Сарымсақ — 2 (зубчик)
Ұн — 1,5 стақан
Тұз, қара бұрыш
Арасына:
Майонез — 200 гр
Сарымсақ — 2 (зубчик)
Үстіне:
Аскөк немесе асылған сәбіз

Менде мясорубка болмады, сондықтан блендормен ездім бауырды жұмыртқаларды саламыз, блендормен 1 араластырамыз сүт + өсімдік майын + қаймақ + езілген сарымсақ + ұн+тұзын бұрышын саламыз Осындай болуы керек Табаға құймақ сияқты пісіреміз Осылай екі бетін аударып пісіреміз арасына майонезбен езілген сарымсақты араластырып жағып шығамыз үстіне теркадан өткізілген сәбізді немесе аскөктерді сеуіп шығамыз


8692291594001927.html
8692382589564550.html

8692291594001927.html
8692382589564550.html
    PR.RU™